Қазақстанда тұрмыстық химия мен косметика таңбалануы мүмкін

103

Тұрмыстық химия және косметикалық өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жоба сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда тұрмыстық химия мен косметика таңбалануы мүмкін Фото: canva

2025 жылдың 21 қарашасында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова GR Procter & Gamble компаниясының аймақтық директоры Андрей Башкировпен және компанияның Қазақстан бойынша бас директоры Роксана Станческумен кездесті. Қатысушылар Қазақстанда тұрмыстық химия және косметикалық өнімдерді таңбалау бойынша пилоттық жобаны талқылады.

Пилоттық жоба аясында техникалық жүзеге асыру үдерісінің сынақтамасы өткізіліп жатыр, соның ішінде таңбалау кодтарын қолдану әдістері, қолданыстағы бизнес-процестермен интеграция және қатысушылардың операциялық қызметіне ықтимал өзгерістер бар. Пилоттық жобаны Тауарларды таңбалау және бақылау бойынша бірыңғай оператор жүзеге асырады.

– Пилоттық жобаға қатысу ерікті түрде. Оған өндірушілер, импорттаушылар және тұрмыстық химия өнімдерін көтерме және бөлшек саудамен айналысатын субъектілер қосыла алады. Бұл нарық қатысушыларына таңбалау ақпараттық жүйесінің функционалдығын тегін тексеруге, таңбалау процесін ағымдағы өндірістік процестерге біріктіруді тәжірибеден өткізуге және таңбалау кодтарын қолданудың әртүрлі әдістерін тексеруге мүмкіндік береді, – атап өтті вице-министр Жәннат Дүбірова.

Өнімді таңбалау ашық нарықты құруға көмектеседі және мемлекеттік органдарға тауарлардың өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді, осылайша жалған және контрабандалық тауарларды азайтылады.

Тұтынушылар үшін таңбалау – бұл Naqty Onim мобильді қосымшасының көмегімен өнімнің шынайылығын өз бетінше тексеру мүмкіндігі. Қаптамадағы кодты сканерлеу жеткілікті, содан кейін өнім, өндіруші және жеткізу тізбегі туралы ақпарат қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта үш өнім тобына міндетті таңбалау енгізілді: аяқ киім, темекі өнімдері және дәрілік препараттар. Тоқыма өнеркәсіп бұйымдарын, сыра сусындарын, зергерлік бұйымдарды және мотор майларын таңбалау бойынша пилоттық жобалар аяқталды. Биологиялық белсенді қоспалар мен тұрмыстық химия тауарлары бойынша пилоттық жоба да жүзеге асырылып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу