Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 100 мыңға жуық әйел полицияға жүгінген

395

Жыл басынан бері осындай орталықтарға 5,5 мың әйел жүгінді, оның 3,7 мыңы балалы әйел.

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен 100 мыңға жуық әйел полицияға жүгінген Фото: canva.com

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және әйелдер құқығын қорғау шаралары күшейтілуде. 2024 жылы ішкі істер органдарына отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайлары туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түсті. ІІМ 72 мың шектейтін қорғаныс ұйғарымдарын берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елімізде зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмек көрсететін 69 дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

"Жүйелі жұмыс қазірдің өзінде нәтиже беруде. Соңғы бес жылда әйелдерге қатысты қылмыстар саны екі есеге қысқарды, оның ішінде зорлық-зомбылық қылмыстары 37,9%-ға, кісі өлтіру – 49,3%-ға, ауыр дене жарақатын келтіру – 8,7%-ға азайған. Бұл зардап шеккендерді қорғауға және қолдауға бағытталған кешенді шаралардың тиімділігін айғақтайды",  делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу