Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмекке көшу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Қазақстанда бағаларды бақылауды күшейтуге және халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар іске асырылуда.
"Біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтуге көшеміз. Сонымен қатар, тиімді басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ӘМАТ бағасын талдау модулі іске асырылуда", - деп атап өтті сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев.
Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлерін ұсыну бойынша пилоттық жоба іске қосылуда. Ваучермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды сауда үстемесіз бағасына сатып алуға мүмкіндік береді. Пилоттық жобаны Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында 5 мыңға жуық АӘК алушылардың қатысуымен өткізу жоспарлануда.