Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков жаңа автокөліктердің бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қазан айында жаңа автокөліктердің бағасы 14%-ға төмендеді. Атап өту керек, Қазақстанда өндірілетін көліктер бағаны 17 пайыздан астам азайтты", – деді Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Айта кету керек, бұған дейін жыл басынан бері өндіріс көлемі 9,3%-ға артқанын жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу