Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрыққа 30 шілдеде қол қойды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданған.
Министрлік мәліметінше, биылдың өзінде 2 мыңнан астам жобаға 288 миллиард теңге субсидия берілді, 737 жобаға мемлекеттік кепілдік рәсімделді. Елімізде 2 миллион 300 мыңнан аса бизнес субъектісі тіркелген.
Сарапшылардың айтуынша, бұл мереке кәсіпкерлікке қолдау көрсетіп, шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді.