Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

539

Төменгі палата депутаты Кенжеғұл Сейітжан 14 мамырда өткен жалпы отырыста 1 маусым – Балаларды қорғау күнін мемлекеттік мереке және сәйкесінше, демалыс күні етіп белгілеуді ұсынды. 

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін Фото: canva

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейітжанның Балаларды қорғау күні туралы ұсынысына қатысты өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Балалардың өздері үшін 1 маусым демалыстың басталуымен, демалуға, көңіл көтеруге және қызықты нәрселермен айналысуға мүмкіндік берумен байланысты. Дәстүр бойынша бұл күні ата-аналар балаларын ойын-сауық саябақтарына, ойын орталықтарына серуендетіп, жалпы мерекелік көңіл-күй қалыптастырады", – деді министр.

Оның айтуынша, бұл мереке ата-аналар мен балаларға бірге уақыт өткізуге, мәдени-танымдық және қоғамдық шараларға қатысуға мүмкіндік береді. Бұл, Светлана Жақыпова атап өткендей, баланың психоэмоционалдық жағдайына оң әсер етеді және оның отбасының жанында өзін толық қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.

"Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, сондай-ақ елімізде отбасы және отбасылық құндылықтар институтын нығайту мақсатында 1 маусымды ұлттық мереке – Балаларды қорғау күні ретінде белгілеуді мүмкін деп санаймыз", – деп қорытындылады Еңбек министрлігінің басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу