Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі байланыс нарығында жаңа операторлардың пайда болу мүмкіндігіне қатысты ресми түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Министрлік саланы реттеуші орган ретінде нарықтың қажеттіліктері мен тиісті шарттар болған жағдайда жаңа байланыс операторларын құруға қажетті құралдар мен өкілеттіктерге ие. Алайда, қазіргі уақытта министрлік жаңа мобильді операторды іске қосу бойынша нақты жоспарларды қарастырып жатқан жоқ", – делінген хабарламада.
Айта кету керек, осыған дейін елімізде тағы бір жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін екенін жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу