"Қазақстанда жасалған" қытай көлігін мінеміз

Бауыржан Мұқан Бауыржан Мұқан
6648

"AllurGroup" компаниясының акционері әрі директорлар кеңесінің мүшесі Юрий Цхай осындай ойдың шетін шығарды.

"Қазақстанда жасалған" қытай көлігін мінеміз

Биылғы жылдың алғашқы үш айында автокөлік өндірісіне салынған инвестиция көлемі өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3 есеге артып, 2,8 млрд теңгені құрады.

Аталмыш сала 2014 жылы жақсы өсім көрсетті. Көрсетілген жылдың қаңтар-наурыз айларында көлік құрастыруға құйылған қаржы көлемі 7 млрд теңгеге жетті. Ал одан кейінгі екі жылда инвестиция көлемі бәсеңдеп, 2015 жылдың алғашқы 3 айында 155 млн, 2016 жылдың дәл осы уақытында 112 млн теңгеге құлдырады.  

Инвестицияның қарқынына сенген өндірушілер жұмысқа қызу кірісті. Нәтижесінде алғашқы үш айда өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 14,2 %-ға ұлғайды.

Отандық көлік саудасына "жан бітті"

Осыдан бір жыл бұрын тұтынушылардың 19%-ы ғана қазақстандық автозауыттардың машинасын сатып алса, бүгінде елімізде сатылып алынатын әрбір үшінші көлік отандық болып табылады. Бұл туралы таяуда "ҚазАвтоӨндіріс" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді.

2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, ағымдағы жылы қазақстандық құрастырудағы автомобильдердің сатылымы 25%-ға өсіпті.

"Жыл басынан бері елімізде автомобиль өндірісі үш ай бойы өсіп келеді. Сатылым өсімі қатарынан екі тоқсан байқалды. Шетелдік көліктерге деген сұраныс пен олардың сатылымы қазақстандық нарықта тоқсан қорытындысы бойынша 28% - ға қысқарды", – деді Олег Алферов.

Оның сөзінше, өткен жылы отандық зауыттар шығаратын автокөліктерінің  түрін көбейткен.

"Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша,  елімізде ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында 16,4 млрд теңгеге 3 405 автокөлік құралы  шығарылды. Осылайша отандық автоөндірушілердің шығарылым көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 4 есеге көбейді", – деді "ҚазАвтоӨндіріс" одағының басқарма төрағасы.

Оның мәліметінше, жеңіл автомобиль шығару көлемі 7 есеге ұлғайып, 3095 бірлікке жеткен.

Қытай да қарап жатқан жоқ

Қазақстанда негізінен Қытайдың BYD, Brilliance, Changan, Chery, Dong Feng, FAW, Geely, Great Wall, Haima, Hawtai, JAC, Lifan и Luxgen көліктері сатылады.

Бір кездері жақсы сатылған MG көліктері қазір Қазақстан нарығынан шығып қалған. Алайда қайта оралуы мүмкін деген сыбыс бар.

Lifan – қытай көліктерінің ішіндегі Қазақстандағы ең танымалы. Ал Х60 кроссовері Lifan көлігінің ішіндегі ең беделдісі.

Өткен жылы ең танымал деген төрт марканың сатылымы 2 120 данаға жеткен. Бұл көрсеткішті көп дейтін болсақ, былтыр Toyota Camry-дің 3 мыңнан астам данасы сатылған. Ал аз дейтін болсақ, аталған төрт марканың сатқан көлігі атақты Mitsubishi (377 дана) мен Subaru (288 дана) көліктерінен бірнеше есе көп.

Алдыңғы жылдары Great Wall, Chery және Foton маркаларының 200-300 данасы өткен.

Әрине бұл көліктер негізінен ресми диллерлерсіз жұмыс істейді. Дегенмен қытай компанияларының бұл жерде де нақты жоспары бар. Мәселен, таяуда Алматыда Қытайдан көлік жеткізетін автосалон ашылды. Қытайда көлік құрастыратын компания Алматы нарығына 2011 жылы кірген. Әуелде автосалонда 42 адам жұмыс істесе, қазір жұмысшылардың саны көбейген. Диллерлік орталық күрделі жөндеуден өтіп, қызмет көрсететін орталық іске қосылған. Соның арқасында 24 жаңа жұмыс орны ашылған. Автосалонда қазір 3 түрлі көлік маркасы сатылады. Ал диллерлер жыл соңына дейін тағы 4 марканы жеткізуді жоспарлап отыр.

Көліктер 3,5-5 млн теңге аралығында сатылады. Несиеге алғысы келетіндерге 3 банкпен келісімшарт жасау мүмкіндігі берілген.

Отандық "қытай" көліктері

Импорты аз болғандай, енді Қытай отандық компанияларды тұтасымен сатып алуға көшті. Жақында Қытай инвесторлары "AllurGroup" компаниясының 51 % акциясын сатып алды.  

Стратегиялық құжатқа СМС президенті Wang Xusheng мен "AllurGroup" акционері әрі директорлар кеңесінің мүшесі Юрий Цхай қол қойды.

Келісім сомасы туралы нақты шешім мен стратегиялық жоспар екі айдан соң анықталады. Қытайлық компания капиталға жыл соңына дейін енуі тиіс. Осы кезеңнің өзінде қытайлық инвесторлар Орталық Азия елдерін, Ресей, Беларусь нарықтарын жаулап алуды көздеп отыр.

Цхайдың сөзінше, компанияда жұмыс істейтін қызметкерлердің 90%-ын Қазақстан азаматтары құрайтын болады. Ал қытайлықтар тек топ-менеджерлердің міндетін атқарады.

Тілшілердің сауалына жауап берген Юрий Цхай компанияда басқа амал қалмағанын ашып айтты.

Бауыржан Мұқан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу