"Қазақстанда жасалған": Министр отандық өнімді қолдау тетіктерін түсіндірді

314

Отандық өнімнің үлесі  әрбір тауар санатында қамтамасыз етіледі. 

"Қазақстанда жасалған": Министр отандық өнімді қолдау тетіктерін түсіндірді Фото: egemen.kz

Отандық тауарлар сауда орындарының ең сұранысқа ие сөрелерінде орналастырылып отыр. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Мемлекеттік қолдау шараларын ескере отырып, заңнамада отандық азық-түлік тауарлары үшін сөре кеңістігінің кемінде 50 пайызын, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар үшін кемінде 30 пайызын бөлу көзделген. Қосымша құқықтық өзгерістер әзірленді. Отандық өнімнің үлесі  әрбір тауар санатында қамтамасыз етіледі. Бұл қазақстандық өнімнің ұсынылуын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Арман Шаққалиев.

Министрдің айтуынша, отандық тауарлар сауда орындарының ең сұранысқа ие сөрелерінде орналастырылып, "Қазақстанда жасалған" белгісімен таңбаланады. Бұдан бөлек "Жаңа өндірушілер" үшін сөрелер мен "жасыл сөрелер" көзделген. Осыған ұқсас талаптар отандық электрондық сауда алаңдарында енгізіліп жатқаны белгілі болды.

"Заңмен сауда желілерінің отандық өндірушілермен жеткізу шарттарын жасасудан негізсіз бас тартуы тыйым салынды", – деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу