Қазақстанда жасыл алаң сапасы нашар

2917

"Астана" командасының қорғаушысы Евгений Постников шындықты жасырмай айтты. Оның ойынша, Қазақстанда сапалы футбол ойнауға еш мүмкіндік жоқ екен. 

Қазақстанда жасыл алаң сапасы нашар

"Астана" командасының қорғаушысы Евгений Постников баспасөзге берген сұқбатында еліміздегі стадиондардың жасыл алаңдары еш сын көтермейтінін айтты. 

- Бізге алғашқы айналымдарды өту неге қиын дейсіз бе? Иә, ол үшін Қазақстандағы футболдың дамуына серпін беру қажет. Жасыл алаңдар мәселесін шешіп, біріншілік деңгейін арттыруымыз керек. Көрерменге қызықты қылу үшін жасыл алаңдар сапалы болғаны дұрыс. Әйтпесе доптың дұрыс ұшпайтынын білесіз. Сол жасыл алаңдардың зардабын біз, аяқдопшылар тартып жүрміз. Жанкүйерлер бізге неге нашар ойнадыңдар дейді. Себебі, Қазақстандағы жасыл алаңдарда дені сау комбинациялық ойын көрсету мүмкін емес. Мысалы өткенде Румынияға бардық. Ол жақта футбол алаңдары өте тамаша екен.

Енді "Астана" командасы 3 іріктеу кезеңінде  Мальтаның "Валетта" командасымен кездеседі. Бірінші ойын "Астана Аренада" 8 тамыз күні өтеді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу