Қазақстанда жер ресурстарын дамыту стратегиясы түгілі тұжырымдамасы да жоқ

1678

Бұл білгенге – өте өзекті проблема. Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл олқылығы бүгін Мәжіліс отырысында қатаң сынға ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанда жер ресурстарын дамыту стратегиясы түгілі тұжырымдамасы да жоқ

"Өткен аптада ғана Есеп комитеті жер ресурстарын басқару ісіне жүргізілген аудитті аяқтады. Сонымен қатар картография мен геодезияны да тексеріп өттік. Жағдай жақсы деп айта алмаймыз",– деді Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Мәжіліс отырысында 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы берген есебінде.

Оның айтуынша жер ресурстарын дамыту стратегиясы түгілі, тұжырымдамасы да жоқ. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда жекелеген индикаторлар мен көрсеткіштер көзделген. Алайда бұл мақсатты жұмыстар жер балансын дамыту ісіне нақты баға бере алмайды.

"Бұл функциялар Ауыл шаруашылығы министрлігінің комитетіне берілген. Әлбетте, оларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер маңызды. Ал шынында, елдегі жер қорының түгелімен ауқымды жұмыс жүргізу керек. Геодезияда үйлестіру жұмыстары әлі күнге дейін 1942 жылғы жүйемен жұмыс істейді! Аймақтардың кейбірінде жер учаскелері Үкіметтің орнына аудан әкімдерінің қаулысымен беріліп келген. Ал бұл дегеніңіз – жемқорлыққа жол ашатын алаң боп тұр", – дейді Наталья Годунова.

Қаржының жетіспеушілігі салдарынан жердің бәрі топырақты және геоботаникалық зерттеумен қамтылмаған. Бұның арты неге апарады? Яғни шынайы мәлімет болмағаннан кейін жердің деградацияға ұшырауына жол бермеу шаруасы уақтылы жүргізілмейді. 

"Өздеріңіз білетіндей, бұл мәселе ауыл шаруашылығының әлеуетіне, ол аз десеңіз елдің азық-түлік бағытындағы қауіпсіздігіне жайсыз әсер етеді. Бұл қарқынмен аталмыш мәселені шешуге әлі 25 жыл керек", – деп ескертті Есеп комитетінің басшысы.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу