2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,4 млн адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның 7,3 миллионы жалдамалы жұмыс істесе, 2,1 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп бөлігі сауда саласында – 16,8%. Одан кейін білім беру – 13,3%, өнеркәсіп – 12,4%, ауыл шаруашылығы – 10,5%, көлік және қоймалау – 7,1%, құрылыс – 6,8%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,6%.
2025 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда бірнеше салада жұмыспен қамтылғандар саны артқан. Ең жоғары өсім жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар саласында тіркеліп, 37 мың адамды құрады.
Білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны 31,1 мың адамға, денсаулық сақтау саласында 21,2 мың адамға өскен. Өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында бұл көрсеткіш 15,1 мың адамға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте 7,7 мың адамға, қаржы және сақтандыру саласында 7,4 мың адамға артты.