Ведомство елдегі апатты жағдайдағы үйлердің санына да тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Министрлік аталған деректі облыстардан алған. Дәл қазіргі уақытта Қазақстандағы апатты жағдайдағы үйлердің саны – 1031. Бұлар көппәтерлі тұрғын үйге жатады. Өкініштісі, адамдардың тұруына қауіпті үйлердің көбі 2 қала мен 1 облыста тіркелген.
"Ең көбі – Атырау облысында, онда 217 көппәтерлі апатты тұрғын үй бар, келесі орында Астана қаласы тұр (206 көппәтерлі тұрғын үй) және Шымкент қаласында 108 көппәтерлі үй тіркелген", – делінген министрліктің ақпаратында.
Бір қуаныштысы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, 2029 жылға дейін өңірлерге апатты және ескі тұрғын үй қорының 40 мыңға жуық меншік иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету керек. ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысына сәйкес, 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бекітілген, оның аясында өңірлерде жөндеу бағдарламалары іске асырылып жатыр.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі жұмысты күшейту, апатты және ескі тұрғын үй қорының меншік иелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қарқынын жеделдету жөнінде түбегейлі шаралармен жергілікті атқарушы органдар айналысып жатыр.