Қазақстандағы автокөлік саудасы 60%-ға төмендеген

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
13997

Бірақ сарапшылар авто нарықтың қалыпқа келу нышандарын бағдарлап отыр.

Қазақстандағы автокөлік саудасы 60%-ға төмендеген

2016 жылдың алты айының қорытындысы бойынша, ресми дилер небәрі 20,8 мың жеңіл автокөлік сатқан, бұл былтыр сатылған 52 мың автокөлікпен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Жалпы, автокөлік саудасы 60%-ға төмендеген.

Бірақ "ҚазАвтоПром" Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы"  заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Олег Алферов нарықтың қалыпқа келуіне үлкен үміт артып отыр. "Отандық автоөнеркәсіп жұмысының екінші тоқсандағы қорытындысы бойынша, Қазақстандағы автокөлік өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмысында қалыпқа келуінің айқын нышандары байқалады",- деді Олег Алферов баспасөз-маслихатында.

Жарты жылдың қорытындысы бойынша отандық зауыттар 36,6 млрд. теңге көлемінде 3772 автокөлік (жеңіл және ауыр автомобильдер, автобустар) шығарған.

"Егер 2016 жылдың қаңтарында отандық автоөнеркәсіптің құрастырып шығарғаны өнімі 404-тен аспаған болса, ал маусым айының қорытындысы бойынша, өндіріс көлемі 1136 автокөлік деңгейінде болғанын байқадық. Биылғы маусым айының нәтижесі бойынша жеңіл автокөлік сегментіндегі өндіріс былтырғымен салыстырғанда 37%-ға артып, 933 автокөлікті құраған. Бірінші жарты жылдықтағы ауыр техниканың шығарылу көлемі де өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда  16,6%-ға өсіп, 718 көлік болды", -дейді Олег Алферов.

Қаңтар-маусым айларында отандық автозауыттардың барлығы 4733 көлік сатқан. Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің үлес-салмағы өткен жылдың осындай кезеңіндегі  17,3% -дан 22,5% -ға өскен. 

"Қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша, жеңіл автокөліктің жергілікті жинағы сегментіндегі үздіктер бестігін KIA, Лада, Hyundai, Skoda және Peugeot құраған.

Сонымен қатар, отандық тұтынушылар JAC, Geely, Chevrolet, Toyota, SsangYong және IVECO автокөліктерін таңдаған. Жол талғамайтын автокөлік Лада 4х4 өзінің көшбасшылық орнын сақтап қалды",- деді Олег Алферов.

Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу