Оның сөзінше, еліміздегі барлық кәсіби футбол клубы алдағы 2-3 жыл аралығында жеке инвесторлардың қарамағына беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2025 жылдың өзінде 4 футбол клубы жеке басқаруға өтті.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес ұйымы Freedom Finance Қарағандының "Шахтер" футбол клубы үшін стадион мен футбол академиясын салуға қызығушылық танытқанын сүйіншіледі.
Одан өзге кәсіпкер Сергей Канға тиесілі "Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы" Петропавлдың "Қызылжарына" қызығушылық танытса, Михаил Ломтадзе тең иелік ететін Kaspi Group Астананың "Жеңіс" клубын басқарып, футбол инфрақұрылымын дамытуға қаржы құюды көздейді.
Жақында ғана "Қайсардың" жекеменшікке өткенін хабарлаған едік.
– Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы жеке кәсіпкерге берілді. Инвестор екі жыл ішінде 12 миллиард теңгеге жаңа академия салуға міндеттеме алды. Негізгі назар балалар футболына және жаттықтырушыларды даярлауға аударылады, – деді Бақытжан Пазылхайыр.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров та "Ақтөбе" футбол клубының жекеменшікке өтетінін айтып қалды.
Осы күні Қазақстанда 32 кәсіби футбол клубы бар, олардың 35%-ы – жекеменшікте. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл процесс басқару моделін өзгертетінін, жаңа иелер үшін басты мақсат спорттық нәтиже мен қаржылық тиімділік екенін еске салған болатын.
Бұған дейін Турлов "Шахтер", Ломтадзе "Жеңіс" футбол клубын сатып алуды көздеп отырғанын хабарладық.