Қазақстандағы реформалар Өзбекстан тарапына таныстырылды

134

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстандағы реформалар Өзбекстан тарапына таныстырылды Фото: Ақорда

Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың негізгі бағыттары, сондай-ақ "Заң мен тәртіп", "Таза Қазақстан" қағидаттары негізінде жаңа құндылықтар жүйесін қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу