Қазақстандағы ЖІӨ-нің 2026 жылғы нақты өсуі болжанды

Бұған дейін өңірлерді дамытуға арналған 3 жылдық бюджет жария болған еді. 

Қазақстандағы ЖІӨ-нің 2026 жылғы нақты өсуі болжанды Фото: Pixabay.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ЖІӨ бойынша келесі жылғы болжамды да мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, 2026 жылы елімізде ЖІӨ-нің нақты өсуі 5,4% деңгейінде күтілмек. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысында сөз болды. 

– Базалық нұсқаға сәйкес, 2026 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі – 5,4%, 3 жылдағы орташа жылдық өсуі 5,3%-ды құрайды, – деді Серік Жұманғарин. 

Оның пікірінше, номиналды жалпы ішкі өнім 2026 жылғы 183,8 триллион теңгеден 2028 жылы 229,8 триллион теңгеге дейін өседі.

Сондай-ақ жиында АӨК және су үнемдеу технологияларын субсидиялауға 1,5 триллион теңге бөлінетіні айтылды. Трансферттер туралы заң жобасы бойынша баяндама жасаған Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин басым салаларды қосымша қаржыландыруға да тоқталды. Трансферттерде АӨК-ті субсидиялауға, су үнемдейтін суару технологияларын енгізуге және жаңа нысандарды күтіп-ұстауға арналған шығыстар ескерілген. Бұл мақсаттарға 2026 жылы – 1,5 триллион теңге, 2027 жылы – 1,6 триллион теңге, 2028 жылы 1,7 триллион теңге көзделіп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу