Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында алтыннан алқа тақты

370

Латвия астанасында ересектер арасында дзюдодан Еуропа кубогы мәресіне жетті.

Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында алтыннан алқа тақты Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Қазақстандық дзюдошы Мейіржан Әбдімәліков Израиль мен Доминикан Республикасынан келген қарсыластарын жеңіп, финалда испаниялық Иринель Василе Челаруды тізе бүктірді.

Мейіржан Әбдімәліков спорт әлемінде "Қазақ күресі" мен дзюдо бойынша сәтті өнер көрсетіп жүрген әмбебап спортшы ретінде танымал. Өткен жылы ол жастар арасындағы әлем чемпионатының қола медальін иемденді.

"Бұл жай жеңіс емес. Бұл жылдар бойғы еңбектің, жаттықтырушылардың қолдауының, өзіме деген сенімділіктің нәтижесі", – деп атап өтті спортшы.

Еуропа кубогына 22 елден 160-тан астам дзюдошы қатысты. Қазақстан құрамасы 2 алтын және 2 күміс медаль иеленіп, ең үздік командалық нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу