6 тамызда Болгарияның Пловдив қаласында академиялық ескек есуден 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы сапында әлем біріншілігіне Семён Первушкин мен Дмитрий Ануприев қатысады. Отандастарымыз ерлер арасындағы жұптық сында ел намысын қорғайды.
Әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу