Қазақстандық Али Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді

381

Жекпе-жек барлық 10 раундқа созылып, Ахмедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық Али Ахмедов кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді Фото: Жеке парақшасынан

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (21-1,16КО) бүгін Ирландияда өткен кезекті жекпе-жегінде француздық Пьер Юбер Дибомбені жеңді. Осылайша ол кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Айта кетейік, бокс кеші Ирландияның Дублни қаласындағы 3Arena кешенінде өтті. Басты жекпе-жекте жергілікті боксшы Каллум Уолш польшалық Пшемыслав Руновскиймен жұдырықтасып, WBC Continental Americas Super Welter белдігін сарапқа салды.

Бокс кеші Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің "360 Promotions" промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтті.

Еске сала кетйік, бұл – Әли Ахмедовтың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу