Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды

413

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Дохада (Қатар) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионы атанды Фото: top-news.kz

Денис Полубояринов 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды.

Қос сайыста спортшы жалпы 366 (161+205) келіні еңсерді.

Екінші орынды ирандық Сепах Амирхосейн 349 (162+187) келімен иеленсе, үздік үштікті оның отандасы Эсфандиари Мохаммад 334 (152+182) келімен қорытындылады.

Бұған дейін Ақжол Кұрманбек екі әлем рекордын жаңартып, Азия чемпионатында топ жарған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу