Қазақстандық ауыратлет үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты

265

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстандық ауыратлет үш Азия және үш әлем рекордын жаңартты Фото: ҰОК

Сонымен қатар спортшы үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 310 (141+169) келіні еңсерді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста ол бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Әлихан Әскербай жастар арасындағы Азия чемпионатында да жүлдегер атанып, қола медальді еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу