Еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында 125 келіде сынға түскен Едіге Қасымбек Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңді.
Сондай-ақ 74 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Құл-Ғайып Досжан мен 97 кг салмақ дәрежесінде күрескен Дурсунов Самир қола медаль иегері атанды.
Досжан жекпе-жектің соңғы сәтінде жеңісті жұлып әкетті – есепте 2:3 болып тұрған кезде ол 4 ұпайлық әдіс жасап, қорытындысында 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ал Самир небәрі 80 секундта үндістандық Вишалды жамбасқа салып, таза жеңіске қол жеткізді.
Тағы бір балуанымыз Камиль Кургулиев әлем чемпионатының финалына жолдама алды.