Қазақстандық балуан Польшадағы турнирде күміс медаль еншіледі

325

Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Қазақстандық балуан Польшадағы турнирде күміс медаль еншіледі Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды.

"Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты. Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу