Қазақстан грек-рим күресінен Бакуде өтіп жатқан U17 әлем чемпионатында алғашқы жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әли Алмас ел қоржынына күміс медаль салды.
Қазақстандық балуан финалда ресейлік Солтан Юсуповпен белдесті. Кездесу қорытындысында Әли Алмас 3:8 есебімен жеңіліп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу