Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан еркін күрестен U20 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
74 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрдәулет Сейілбеков қола медаль үшін белдесуде Италия өкілі Алессио Перентинді жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы еркін күрестен әлем чемпионатында үш медальға ие болды. Бұған дейін Бекасыл Асамбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс, ал Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу