Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде 8 медаль жеңіп алды

179

 Еркін күрес шеберлері Еревандағы халықаралық турнирде бақ сынады.    

Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде 8 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасы жарысты сегіз медальмен қорытындылады.

Бірінші жарыс күнінде 86 келіге дейінгі салмақта Асхаб Хаджиев финалда 2025 жылғы әлем чемпионы америкалық Захид Валенсияны 12:11 есебімен жеңіп, алтын медаль алды. Осы салмақта Рүстем Мырзағалиев қола жүлдегер атанды.

65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль жеңіп алды. Ал 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үшінші орынға ие болды.

Екінші жарыс күнінде Мейрамбек Қартбай 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншіледі. Ернұр Нұрғазы (70 келіге дейін) және Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Армениядағы турнирді нәтижемен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу