Вьетнамның Дананг қаласында грек-рим күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға тұрақтап, 8 медаль жеңіп алды: 2 алтын, 4 күміс және 2 қола.
Алтын медаль иегерлері:
– Айбек Айтбеков (60 кг дейін)
– Ислам Евлоев (97 кг дейін)
Күміс жүлдегерлер:
– Нұрмұхаммед Ибрахим (72 кг дейін)
– Алихан Дурсунов (77 кг дейін)
– Ерасыл Жеңіс (87 кг дейін)
– Джохар Узаров (130 кг дейін)
Қола медаль иегерлері:
– Диас Нураков (63 кг дейін)
– Кирилл Минько (82 кг дейін)
Командалық есепте бірінші орынды Өзбекстан құрамасы иеленсе, екінші орын Қырғызстанға бұйырды.