Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында үш алтын иеленді

186

Вьетнамның Вунгтау қаласында 17-23 жас аралығындағы спортшылар арасында күрестен Азия чемпионаты басталды. 

Қазақстандық балуандар Азия чемпионатында үш алтын иеленді Фото: olympic.kz

Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресі бойынша жеңімпаздар анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

18 маусымда өткен бәсекеде ұлттық құрама балуандары табысты өнер көрсетіп, 7 салмақ дәрежесінің үшеуінде алтын медаль еншіледі. Жалпы есепте қазақстандықтар 3 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге қол жеткізді.

Чемпион атанған балуандар:

  • Исхар Құрбаев (60 келі)

  • Бағдат Сабаз (67 келі)

  • Ақжан Ықыласов (77 келі)

Күміс медаль иегерлері:

  • Юсуф Мациев (97 келі)

  • Джохар Узаров (130 келі)

Қола жүлде:

  • Диас Қалтай (82 келі)

19 маусымда жарысты жалғастыратын балуандар қатарында Ерасыл Мамырбеков (55 келі), Ондасын Хамитов (63 келі), Серғазы Әбдіқадыр (72 келі) және Мақсат Сайлау (87 келі) бар. Олар да ел намысын қорғап, жүлдеге таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу