81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін өткен белдесуде австриялық Бернд Фашингті тізе бүктірді.
Ал 100 келіге дейінгі салмақта Нұрлыхан Шархан нидерландтық Симеон Катаринамен қола жүлдені сарапқа салды. Нәтижесінде, отандасымыз жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Grand Slam турнирін 3 қола медальмен аяқтады. Бұған дейін Аман Бақытжан (60 келіге дейін) қола жүлдегер атанған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу