Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирде 3 медаль жеңіп алды

308

Жарыста 24 елдің 433 спортшысы бақ сынады.  

Қазақстандық балуандар Түркиядағы турнирде 3 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуандар Түркияның Коджаэли қаласында еркін және грек-рим күресінен өткен халықаралық турнирде екі күміс және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Грек-рим күресінен Бақытжан Қабдыл 63 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Еркін күрестен Аллан Оралбек 61 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алса, Диас Сағдатов 79 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Турнирге 24 елден 433 спортшы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу