Қазақстандық балуандар U23 әлем чемпионатында тағы 3 жүлдеге қол жеткізді

223

Команда бес медальмен жалпы есепте екінші орынға шықты.

Қазақстандық балуандар U23 әлем чемпионатында тағы 3 жүлдеге қол жеткізді Фото: olympic.kz

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен U23 әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде грек-рим күресінен ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын финалда ирандық Ясин Әли Яздиге 0:4 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Ал Арсен Жұма (55 келіге дейін) қырғызстандық Барсбек Асанқожоевты жеңіп, қола медаль иеленді. Джохар Узаров та армениялық қарсыласынан басым түсіп, аса ауыр салмақта қола жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресінен құрамасы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды. Бұған дейін Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) пен Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) әлем чемпионы атанған еді.

Алдағы күндері жарыс әйелдер күресі бойынша жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу