Қазақстандық бапкер Литва құрамасының тізгінін ұстамақ

1052

Өз елімізде жұмыс таба алмаған мамандар қазір шетелді бағындыруды бастады. Ал "Тобыл" мен "Тараз" командаларында не жаңалық?

Қазақстандық бапкер Литва құрамасының тізгінін ұстамақ

Литва футбол Федерациясы құрамаға жаңа бапкер іздеуде.18 қаңтар күні Литва құрамасын жарты жылдай жаттықтырған Райнхольд Брой қызметінен кетті. 52-жастағы маман таңдаудың жоқтығынан бапкер атанған болатын. Ендігі жағдайда оңып тұрған жоқ. Кандидат ретінде қарастырылған жаттықтырушылардың бәрі күн өте ойларынан бас тартуда. Мәселен, Андрюс Скерла, Рокас Гаратес және Вальдас Дамбраускас келіссөздер жүргізіліп жатқанда өзгеріп шығыпты. Литва футбол Федерациясы "Жальгиристі" чемпион қылған Владимир Чебуринді де кандидаттар тізіміне енгізіп қойыпты. Бірақ, "Жальгирис" басшылығы бапкерді жібермейміз дегенді меңзеп отыр. Бапкер жайлы нақты шешім 30 қаңтарда белгілі болмақ. 

"Тобыл" ФК бірден үш ойыншының келісімшартын созды. Командада Серікжан Мұжықов қалатын болды. Ол қостанайлық ұжымда 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Серікжан "сары-жасылдар" үшін жалпы алғанда 64 ойын өткізіп, 10 гол салған болатын. Алдыңғы маусымда ол, әріптестеріне 10 голдық пас берді. Жаңа келісімшарт мерзімі 2023 жылдың соңына тең. Александр Марочкинде "Тобылда" бір жыл аялдамақ ниетте. Ол бұл командаға 2021 жылы келді. Сұранысқа ие қорғаушылар қатарына кірді. Өткен маусымда Александр барлық 24 ойын үшін алаң шыққан болатын. Самат Жарынбетовте бір жылдан артық қалмайтын болды. Ол жоғарыда аты аталған командаластарына қарағанда "Тобылда" 5-6 жыл артық өнер көрсетті. Сол уақыттың ішінде Самат "сары-жасылдар" үшін 126 ойын өткізіп, 4 гол салған еді. Бұған дейін, "Тобыл" Сергей Малыймен келіссөздер жүргізген. Алайда, ойыншы талаптарына байланысты жаңа келісімшартқа келісе қоймады. Тараптар екі жаққа кетті. 

Үн-түнсіз қалған "Тараз" ФК жаңа маусымға деген дайындығын пысықтауда. Жамбылдық ұжым "Оңтүстік Академиясында" жаттығу жиындарын өткізіп жатыр екен. Шымкентке "Тараздың" үш командасы келіпті. Сол командалардағы жастар бұл жиында өзін бар қырынан көрсете білуі тиіс. Мұнда олар жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізіпті. "Тараздың" бас бапкері Фархат Мирсалимбаев ойынға екі құрам шығарды. Маман бар ойыншыны сынап көргісі келген екен. Ойын құбылмалы деңгейде өрбіді. Жалпы айтқанда, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Жамбылдықтар сапынан Баймолда Абзал көзге түсті. 

Еске салайық, "Тараз" осы маусымды бірінші лигада бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу