Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты

219

Б9л туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына шықты Фото: ҚР Туризм жəне спорт министрлігінің ресми telegram

Аичи-Нагоядағы ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның үш спортшысы финалға жолдама алды.

Жарыстың екінші күнінде спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run сайыстарында бақ сынады.

Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, өз тобында бесінші орын алды. Диана Щедрова да 1356 ұпаймен бесінші нәтиже көрсетті. Ал Юлиана Петрова 1345 ұпай жинап, тоғызыншы орынға ие болды. Үшеуі де шешуші кезеңге өтті.

Әйелдер арасындағы финалдық сайыс 20 қыркүйекте өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу