Қазақстандық биатлоншылар Әлем чемпионатына қатысады

248

12-23 ақпан аралығында Швейцарияның Ленцерхайде қаласында биатлоннан әлем чемпионаты өтуде.

Қазақстандық биатлоншылар Әлем чемпионатына қатысады Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қысқы Азия ойындарынан оралған Қазақстанның биатлон құрамасы бірден Ленцерхайдеде (Швейцария) өтіп жатқан әлем чемпионатына аттанды.

18 ақпанда әлемдік турнир аясында әйелдер арасында биатлоннан 15 шақырымдық жекелей жарыс өтеді. Оған Қазақстаннан үш спортшы -– Ольга Полторанина, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко қатысады.

Жарыс бүгін Астана уақытымен 19:05-те басталады. 19 ақпанда ерлер арасында 20 шақырымдық жекелей жарыс өтеді.

Бүгін барлығы 93 биатлоншы жарыс жолына шығады және олардың арасында медальдан үміткер фавориттер бар екенін айта кетейік.

Биылғы Әлем чемпионатының жүлдеден басты үміткерлерінің бірі – Швециядан келген Эльвира Эберг. Ол Әлем кубогының рейтингінде жалпы есепте үшінші орында тұр.

Бұған дейін Контиолахти мен Рупольдингтегі масс-стартта жеңіске жетткен Бірақ, Антхольцтегі кезеңді суық тиюіне байланысты өткізіп алды.

Жүгіру жылдамдығы бойынша Эльвира бұл сайыс түрінің шебері, шаңғы жарысы бойынша әлем чемпионатының жүлдегері словениялық Анамария Лампичпен бәсекелес десек те болады. 

Егер Эльвира нысанаға дәл тигізе алса, жүлдеге үміт арта алады. Айта кетейік, Ленцерхайдеге дейін оның әпкесі Ханнаның да спорттық бабы жақсарды. Ол екі жыл бұрын Оберхофтағы әлем чемпионатында екі жекелей жарыста жеңіске жеткен болатын.

Әлем чемпионатының жалпы көшбасшысы – Германиядан келген Франциска Преусс. Франциска осы маусымда әлем кубогында жекелей жарыстарда 10 рет жеңіс тұғырына көтеріліп, оның екеуінде жеңіске жетті. Германия құрамасынан медальдарға үміткерлер қатарында Франциска Пройсспен қатар Антхольцтегі спринтте күміс медаль алған жас биатлоншы Селина Гротиан бар.

Ал, қазақстандық биатлоншылар Харбинде өткен қысқы Азия ойындарынан кейін бабында деп айта аламыз.

Онда биатлоннан 4х6 шақырымдық эстафетада Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлдегер атанған болатын. Дегенмен, соңғы жылдары Азия мен Еуропадағы биатлон дәрежесін салыстыруға келмейді.

Себебі Азия құрамалары бұл спорт түрінен Әлемдік рейтингте үздік 15 құрама санатына да кірмейді.

Сондықтан Әлем чемпионатындағы медальдан үміткер спортшылардың барлығыда еуропалықтар екенін айта кетейік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу