Қазақстандық бірнеше боксшы әлемдік рейтингте көш бастады

Олардың арасында ағайынды Сабырхандар да бар. 

Қазақстандық бірнеше боксшы әлемдік рейтингте көш бастады Фото: Olympic.kz

Халықаралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың қорытындысы ретінде барлық салмақта жаңартылған рейтинг тізімін жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Мұнда 4 қазақстандық спортшы бірінші орынға жайғасқан. Тиісінше, қалған бес салмақта өзбекстандық былғары қолғап шеберлері үздіктер сапында тұр. 

Қазақстан құрамасындағы үздіктер: 
50 келі. Санжар Тәшкенбай (1650 ұпай);
55 келі. Махмұд Сабырхан (1650 ұпай);
70 келі. Төрехан Сабырхан (1500 ұпай);
90 келі. Айбек Оралбай (2025 ұпай).

Өзге салмақтағы қазақстандық боксшылар мынандай нәтижеге тұрақтаған: 
65 келі. Ертуған Зейнуллинов (6-орын);
75 келі. Сабыржан Аққалыков (11-орын);
80 келі. Нұрбек Оралбай (2-орын);
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы (5-орын);
90 келі. Сағындық Тоғамбай (8-орын).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу