Қазақстанның үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің екінші тобы БҰҰ-ның "Бөлінуді бақылау күштері" (UNDOF) миссиясы құрамында қызмет өткеру үшін Голан жоталарына аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
69 әскери қызметші жан-жақты дайындықтан өтіп, жүктелген міндеттерді орындауға толық әзір. Қазақстандық бітімгерлер атысты тоқтату режимінің сақталуын қадағалап, патрульдеу жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосады.
Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік операцияларына қатысуы Қарулы күштердің жоғары даярлық деңгейін көрсетіп, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыра түседі. Бұл – әскери қызметшілер үшін үлкен жауапкершілік қана емес, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы маңызды миссия.