Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

74

Отандасымыз бірінші раундта-ақ қарсыласын сұлатып түсірді. 

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шебері қатысқан алғашқы жекпе-жек өтті. 92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нурмагамед Юсупов тәжікстандық Навруз Джафоевпен кездесіп, алғашқы раундта жылдам нокаутпен жеңіске жетті.

Ал, бүгін турнирдің екінші күнінде Қазақстан құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 кг), Ерасыл Жақпеков (80 кг) және Дәулет Төлемісов (86 кг) рингке шығады.

Күндізгі сессия Астана уақытымен 18:00-де басталады. Бұл кезеңде бір ғана жекпе-жек өтеді. Санатәлі Төлтаев 1/16 финалда Замбия өкілі Жеральд Кабиндамен кездеседі. Айқас шамамен 19:30-да басталады.

Кешкі сессия 22:00-де басталады. Онда Ерасыл Жақпеков 1/16 финалда Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезермен кездеседі. Жекпе-жек шамамен 23:15-ке жоспарланған. Дәулет Төлемісов осы кезеңде бразилиялық Рамон Батажелло Соузаға қарсы шығады. Бұл айқас шамамен 00:30-да өтеді.

Қазақстандық боксшылардың барлық кездесулері А рингінде ұйымдастырылады. Тікелей эфирді IBA-ның ресми youtube арнасынан тамашалауға болады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтуде. Жеңімпаздар 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер 150 мың доллар, қола иегерлері 75 мың доллар, ал ширек финалға шыққан боксшылар 10 мың доллар көлемінде сыйақы алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу