Ол 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Кениядан келген Вероника Нзиваны 5:0 есебімен жеңді.
Қазақстандық спортшы алғашқы раундта сенімді түрде басымдық танытты. Екінші раундта да дәл сол сценарий қайталанды.
Бельгиялық төреші алғашқы екі раундта да африкалық боксшыдан бір-бір ұпайдан алып тастады. Үшінші раундта Вероника нокдаунға түсіп, нәтижесінде Балқыбекованың жеңісімен аяқталды.
1/8 финалда Балқыбекова марокколық Ясмин Мутаккиге қарсы шаршы алаңға шығады. Жекпе-жек 11 наурызда өтеді.
Бұған дейін Балқыбекова екі дүркін Азия чемпионы атанған (2021 және 2022 жылдары).
Сондай-ақ, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және 2023 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.
Ал кениялық боксшы 2023 жылы Нигерияда өткен Африка әскери ойындарында күміс медаль иеленген.