Қазақстандық боксшы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді

116

Жеңіліс көрмеген Мейірім Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы 17 қараша өткізген болатын. 

Қазақстандық боксшы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20–0, 11 КО) орта салмақтағы WBC чемпионы, доминикандық Карлос Адамеспен (24–1–1, 18 КО) міндетті жекпе-жек өткізеді.

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде бірінші орында тұр. Сол себепті ол осы салмақтағы чемпиондық белбеуге үміткер.

WBC Конвенциясында өткен жыл сайынғы сессияда алдағы жекпе-жектер талқыланып, ресми түрде бекітілді. Бұл туралы The Ring порталы мәлімдеді.

Айта кетейік, WBC бұған дейін сәуір айында Мейірімге Адамеспен жекпе-жек өткізуді талап еткен. Алайда қазақстандық боксшыға екі мәрте америкалық виза беруден бас тартқан болатын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу