Қазақстандық боксшы қарсыласының мұрнын сындырды

1677

Қазақстандық боксшы Санжар Ташкенбай бокстан Дубайда (БАӘ) жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Қазақстандық боксшы қарсыласының мұрнын сындырды

Әлем чемпионы Ташкенбай 48 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында өткен турнирде (2003-2004 ж.т.) өнер көрсетуде. Оның алғашқы қарсыласы Тәжікстан спортшысы Мехрож Зоидов болды. Жекпе-жек екінші раундта Ташкенбайдың жеңісімен аяқталды. Зоидовтың мұрны сынғандықтан дәрігерлер оған жекпе-жекті жалғастыруға тыйым салса, ал төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Естеріңізге сала кетейік, Дубайда жастар арасындағы турнирмен қатар жасөспірімдер біріншілігі де өтуде. Онда 2005-2006 жылы туылған боксшылар бақ сынауда. Сайыста Қазақстан құрамасы барлық он үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетуде.

Тағы бір жерлеcіміз Нұрсұлтан Алтынбек Дубайда (БАӘ) жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатын жеңіспен бастады. 54 келіге дейінгі салмақтағы алғашқы жекпе-жегінде Алтынбек жергілікті боксшы Ахмед Эисса Алалимен кездесіп, оны еш қиындықсыз жеңді. Бірінші раундта Нұрсұлтан Алалиді нокдаунға жіберді. Ал екіншісінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Ерасыл Ермек Дубайда (БАӘ) өткен жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Жасөспірімдер турнирінде (2003-2004 ж.т.) 60 келіге дейінгі салмақтағы бірінші жекпе-жекте Ермек өзбек боксшысы Айдос Тағайбаевпен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Елнұр Сүйінбай Дубайда (БАӘ) жастар арасында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатын сәтті бастады. 63,5 келіге дейінгі салмақта Сүйінбай бірінші жекпе-жегінде палестиналық Рахман Хамза Ясинмен кездесті. Үшінші раундта қазақстандық қарсыласын нокдаунға жіберіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен, 5:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Абзал Серік те алғашқы жекпе-жекте қарсыласын тізе бүктірді. 67 келіге дейінгі салмақта Серік палестиналық боксшы Фоках Нидальмен кездесіп, оны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Нидаль екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші кездесуді тоқтатты. Осылайша қазақстандық боксшылар бүгін сәтті өнер көрсетті. Дубайда өтіп жатқан чемпионат 30-тамызға дейін жалғасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу