Қазақстандық боксшы қыздар 8 алтын медаль жеңіп алды

3333

Бүгін Азия чемпионатында шаршы алаңға шыққан тоғыз қазақстандық боксшының сегізі алтыннан алқа тақты.

Қазақстандық боксшы қыздар 8 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық Алуа Балқыбекова 48 келіге дейінгі салмақта бокстан Азия чемпионы атанды. Дубайда өткен чемпионаттың финалдық кездесуінде ол өзбекстандық Гүласал Сұлтоналиевамен кездесіп, қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

Назым Қызайбай 51 келіге дейінгі салмақта бокстан Азия чемпионы атанды. Қазақстандық боксшы Дубайда өткен турнирдің финалдық кездесуінде әлемнің алты дүркін чемпионы болған, аты аңызға айналған боксшы Мэри Комды жеңді. Жекпе-жек 3:2 есебімен Назым Қызайбайдың пайдасына аяқталды.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір өкілі Дина Жоламан өзбекстандық Ситора Шогдарованы жеңіп, 54 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалдық кездесу 3: 2 есебімен аяқталды. Осылайша 2016 жылғы Әлем кубогын жеңіп алған Дина Жоламан турнирдің үшінші жеңімпазы атанды.

Владислав Кухта 57 келіге дейінгі салмақта бокстан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Өзбекстан құрамасының өкілі Ситора Турдибековамен кездесіп, төршілердің шешімімен жеңіліс тапты.

Қазақстандық Римма Волосенко Индонезиядан келген Хусватун Хасанаға қарсы шаршы алаңға шығып, 60 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Ол финалдық жекпе-жекті бірінші раундта-ақ аяқтады. Алдымен Римма қарсыласын нокдаунға жіберді, содан кейін жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының тағы бір өкілі Милана Сафронова 64 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалда ол Үндістаннан келген  Лалбуатсаихиді 3: 2 есебімен тізе бүктірді.

Сонымен қатар Валентина Хальзова Азия чемпионатының финалында өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді. Ол 69 келіге дейінгі салмақта сынға түскен болатын. Жекпе-жек 5:0 есебімен аяқталды. Хальзова үшін бұл турнирдегі алғашқы кездесу болды.

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Фариза Шолтай 81 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанды. Финалда ол Өзбекстаннан келген Сохиба Рузметовамен кездесіп, оны 5: 0 есебімен жеңді.

Ләззат Күнгейбаева 81 келіден жоғары салмақта бокстан Азия чемпионы атанды және Қазақстанға Дубайда өткен құрлықтық турнирдің сегізінші алтын медалін сыйлады. Финалда оның қарсыласы үндістандық Анупама болды.  Кездесу 3: 2 есебімен, қазақстандық боксшының пайдасына аяқталды.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу