Қазақ боксшысы ресми түрде WBC рейтингінің көшбасшысына айналды

1032

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жаңартылған рейтингтерді жариялады.

Қазақ боксшысы ресми түрде WBC рейтингінің көшбасшысына айналды Фото: Жеке парақшасынан

Орта салмақта бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) 1-орынға көтерілді.

Айта кетейік, WBC осы салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, доминикандық Карлос Адамеске (24-1-1, 18 КО) Мейірім Нұрсұлтановқа қарсы титулдық жекпе-жек өткізуді міндеттеген болатын.

Екінші және үшінші орындарды сәйкесінше британдық боксшылар Хамза Шираз (21-0-1, 17 КО) және Крис Юбэнк-кіші (34-3, 25 КО) иеленіп отыр.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов ұзақ уақыттан бері рингке шыққан жоқ. Оның соңғы жекпе-жегі 2023 жылғы 17 қарашада Өзбекстанның Ташкент қаласында өтті. Сол кездесуде ол чилилік Хулио Аламосты (16-3, 9 КО) жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу