6-9 маусым аралығында Эйндховен қаласында (Нидерланды) Eindhoven Box Cup 2025 халықаралық турнирі өтеді. Бұл жарыс Еуропадағы ең ірі және беделді әуесқой бокс турнирлерінің бірі саналады.
Биылғы додаға 20-дан астам елден 200-ге жуық боксшы қатысады деп күтілуде. Арасында Германия, Франция, Англия, Украина, Әзірбайжан, Қазақстан және тағы басқа елдердің ұлттық құрамалары бар.
Қазақстан құрамасы бұл жарысқа негізгі құрамдағы спортшыларды жіберіп отыр. Бапкерлік штабтың шешімімен рингке шығатын былғары қолғап шеберлері:
50 кг – Даниял Сәбит
55 кг – Махмуд Сабырхан
60 кг – Ерхан Турдан
65 кг – Ертуған Зейнуллинов
70 кг – Абылайхан Жүсіпов
75 кг – Сабыржан Аққалұқов
80 кг – Ерасыл Жақпеков
85 кг – Дәулет Тілемісов
90 кг – Сағындық Тоғамбай
+90 кг – Нұрлан Сапарбай