Қазақстандық боксшылар Сауд Арабиясындағы WBC турнирінде өнер көрсетуде

261

Бұл турнирде қазақ боксшыларының әлемдік ірі промоутерлік компаниялар өкілдерінің көзіне түсуге мүмкіндігі бар. 

Қазақстандық боксшылар Сауд Арабиясындағы WBC турнирінде өнер көрсетуде Фото: vesti.kz

Бірінші жартылай орта салмақта Санатәлі Төлтаев (3-0, 2 КО) венесуэлалық Герман Бройкероны (10-1, 10 КО) 6-раундта нокаутпен жеңді. 

Қазақстандықтар арасынан турнирде алғашқы болып Жолдас Жеңісов (7-0, 4 КО) жеңіске жетті. Сондай-ақ, тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Александр Ковригин (8-0, 6 КО) де шаршы алаңға шығып, қарсыласына есе жіберді.

Бірінші жартылай орта салмақта Санатәлі Төлтаевпен бірге Нұржан Серікбаев (5-0-0, 5 КО), ал орта салмақта Елхан Тәбінбаев (8-1, 6 КО) қатысуда. Нұржан Серікбаев Италия өкілі Фиоренцо Приолодан жеңіліп қалды.

Бұл турнирді WBC және Сауд Арабиясының ойын-сауық істері басқармасының басшысы Турки әл аш-Шейх ұйымдастыруда. Әр жеңімпаз Хосе Сулейман атындағы эксклюзивті кубокпен марапатталады (WBC-дің бұрынғы президенті, қазіргі басшы Маурисио Сулейманның әкесі).

Сонымен қатар, турнирде көзге түскендерге ірі промоутерлік компаниялармен келісімшартқа отыру мүмкіндігі де қарастырылған.

WBC және Riyadh Season Гран-приі – 41 елден 128 боксшы қатысатын, төрт салмақ дәрежесінде өтетін ерекше турнир. Турнир 5 бокс кешінен тұрады және барлығы Сауд Арабиясында өтеді.

Жекпе-жектерде тең нәтиже болмайды. Әр кездесу міндетті түрде жұдырық түйістірген қос боксшының біреуінің жеңісімен аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу