Алғаш рет алтынсыз қайттық

1665

Боксшыларымыз үшін Токио олимпиадасы аяқталды. 

Алғаш рет алтынсыз қайттық

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/2 финалда Бибосынов британиялық Джалал Яфаймен кездесіп, жеңіліп қалды. Оған қоса бірінші раундта қазақстандық боксшы нокдаунға түсті. Осылайша, Бибосынов "қола" жүлдені қанағат тұтса, ал Яфай кем дегенде "күміс" медаль алатын болды.

Бірінші раундта Сәкен нокдаунға түсіп, Яфай 5: 0 есебімен басым түсті. Екінші раундта Бибосынов 3:2 есебімен жеңді. Үшінші раундта тағы да Сәкен жеңіске жетті. Бірақ, төрешілердің шығарған шешімімен британиялық - 3: 2 (27:30, 29:28, 28:29, 29:28, 28:29) келесі кезеңге өтті.

Джалал Яфай финалында филиппиндік боксшы Карло Пааламға қарсы шаршы алаңға шығады. Ол ширек финалда сенсация жасап, Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы өзбек Шахобиддин Зоировты жеңген болатын. 

Осылайша тек небәрі екі қола медальмен бокстан жарысты аяқтады. Бұл қазақ бокс тарихындағы ең сәтсіз Олимпида ойындары болды деуге болады. Себебі боксшыларымыз осыған дейін Олимпиададан алтын жүлдесіз қайтпаған.

Айта кетейік, аса ауыр салмақта тағы бір қола жүлдені Қамшыбек Қоңқабаев жеңіп алған болатын.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу