Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

1205

Бүгін, 30 сәуірде Ташкентте (Өзбекстан) ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтті. Турнирге әлемнің 107 елінен 539 спортшы қатысады.

Қазақстандық боксшылардың әлем чемпионатындағы қарсыластары  анықталды

Жарыстар 13 салмақ дәрежесі бойынша 1-14 мамыр аралығында өтеді. Қазақстандық боксшылардың алғашқы қарсыластары:

48 кг дейін. Санжар Ташкенбай - Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан).

51 кг дейін. Сәкен Бибосынов - Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхориа (Үндістан).

54 кг дейін. Махмуд Сабырхан - Довлет Мұханов (Түркіменстан) / Иштван Сака (Венгрия).

57 кг дейін. Серік Теміржанов - Илие Аргату (Молдова) / Абдул Батили (Мали).

60 кг дейін. Талғат Сырымбетов - Сакда Руамтам (Таиланд).

63,5 кг дейін. Санатәлі Төлтаев - Ахмад Штиви (Израиль).

67 келіге дейін. Дулат Бекбауов - Сибонело Ндзиманде (Эсватини) / Андрей Мустет (Румыния).

71 келіге дейін. Асланбек Шымбергенов - Денис Нурья (Албания) / Аарон Принс (Тринидад және Тобаго).

75 кг дейін. Нұрқанат Рэйс - Марсель Мейнль (Австрия) / Делгадо де лос Сантос (Доминикан Республикасы).

80 кг дейін. Нұрбек Оралбай - Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) / Шаббос Негматуллоев (Тәжікстан).

86 кг дейін. Сағындық Тоғамбай - Мбели Нланду (Конго ДР).

92 келіге дейін. Айбек Оралбай - Радослав Панталеев (Болгария).

92 келіден жоғары. Қамшыбек Коңқабаев - Алексей Дронов (Ресей).

Сонымен қатар әлем чемпионатының бірінші күніндегі қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі белгілі болды. 1 мамыр күні турнирдің алғашқы күні ел намысын Талғат Сырымбетов (60 келіге дейін) пен Айбек Оралбай (92 келіге дейін) қорғайды. Сырымбетов Тайландтық Сакда Руамтхаммен (15-ші жұп, А рингі), Оралбай болгариялық Радослав Панталеевпен (17-жұп, Б рингі) кездеседі.

Айта кетейік, Қазақстан бокс федерациясы 2023 жылғы әлем чемпионаты Асланбек Шымбергеновті боксшылар алдында ұлттық құрама капитанын ретінде таныстырды. Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді. Ол 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2022 жылғы Азия чемпионы. Ұлттық құрама капитанын Ермек Ертаев жаттықтырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу