Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

123

Төрт қазақстандық былғары қолғап шебері сары құрлық бәсекесін бірден жартылай финалдан бастап, кем дегенде қола медаль алады. 

Қазақстандық боксшылардың Азия чемпионатындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтетін Азия чемпионаты аясында қазақстандық  боксшылардың қарсыластары белгілі болды. Турнир 30 наурыз - 10 сәуір аралығында World Boxing ұйымының қолдауымен өтеді. 

Жеребе қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы - Нұрбек Оралбай (85 кг дейін), Бақыт Сейдіш (70 кг дейін), Надежда Рябец (80 кг дейін) және Дина Исламбекова (+80 кг) бірден жартылай финалға шығып, кемінде қола жүлде алады.

Қазақстан атынан жарысқа 20 спортшы (10 ер, 10 әйел) қатысады. Алғашқы жекпе-жектер кестесі:

30 наурыз

51 кг, 1/8 финал: Жазира Орақбаева - Кум Бол Ан (КХДР)
54 кг, 1/8 финал: Элина Базарова - Прити Прити (Үндістан)

31 наурыз
60 кг, 1/8 финал: Римма Волосенко - Прия Прия (Үндістан)
1 сәуір
60 кг, 1/8 финал: Оразбек Асылқұлов - Пол Джулифер Баскон (Филиппин)
2 сәуір
65 кг, 1/8 финал: Ертуған Зейнулинов - Ю Лин (Тайпей)
3 сәуір
55 кг, 1/4 финал: Махмұд Сабырхан - қарсылас Иордания/Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады
70 кг, 1/4 финал: Төрехан Сабырхан - қарсылас Корея/Тәжікстан жекпе-жегінде анықталады
4 сәуір
65 кг, 1/4 финал: Лаура Есенкелді - Анкушито Боро (Үндістан)
75 кг, 1/4 финал: Валентина Хальзова - Сеюн Сенг (Корея)
50 кг, 1/4 финал: Санжар Тәшкенбай - қарсылас Қырғызстан/Үндістан жекпе-жегінде анықталады
+90 кг, 1/4 финал: Айбек Оралбай - қарсылас Моңғолия/Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады
5 сәуір
48 кг, 1/4 финал: Әйгерім Сәттібаева - Сабина Бобокулова (Өзбекстан)
57 кг, 1/4 финал: Ұлжан Сәрсенбек - қарсылас Таиланд/Вьетнам жекпе-жегінде анықталады
75 кг, 1/4 финал: Сабыржан Аққалықов - Талга Яги (Жапония)
80 кг, 1/4 финал: Ерасыл Жақпеков - қарсылас Қырғызстан/Өзбекстан жекпе-жегінде анықталады
90 кг, 1/4 финал: Сағындық Тоғамбай - Ксужен Хан (Қытай)
6 сәуір
70 кг, 1/2 финал: Бақыт Сейдіш - қарсылас Корея/Қытай жекпе-жегінде анықталады
80 кг, 1/2 финал: Надежда Рябец - Пуджа Рани (Үндістан)
+80 кг, 1/2 финал: Дина Исламбекова - Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
7 сәуір
85 кг, 1/2 финал: Нұрбек Оралбай - қарсылас Моңғолия/Иордания жекпе-жегінде анықталады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу