Қазақстандық дзюдошы Абу-Дабидегі турнирде қола жүлде жеңіп алды

376

Ол ресейлік әріптесінен басым түсті. 

Қазақстандық дзюдошы Абу-Дабидегі турнирде қола жүлде жеңіп алды Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Қазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Абу-Дабиде (БАӘ) Grand Slam турнирінің қола медалін иеленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Назгүл 100 келіден жоғары салмақта ресейлік Анастасия Холодилинамен белдесу өткізді.
Голден скорда ресейлік дзюдошы үшінші ескертуін алып, жеңіс Назгүлге берілді.

Тағы бір қазақстандық Карина Такиева осы ауыр салмақта хорватиялық Хелена Вуковичпен татамиде жүздесіп, отандасымыз шидо санымен жеңіліс тапты. 

Сонымен, Қазақстан құрамасы Grand Slam турниріні үш қола медалін еншіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу