Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

55

Бүгін алты қазақстандық дзюдошы бозкілемге шығады. 

Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

28–30 қараша күндері Абу-Дабиде дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді. Бұл додаға 53 елден 400-ге жуық спортшы, оның ішінде Олимпиада мен әлем чемпионатының жүлдегерлері қатысады. Қазақстан құрамасы да жүлде үшін таласады. Ел намысын 14 дзюдошы қорғайды.

Құрама сапында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбиба Әбужақынова бар.

Қазақстан құрамасы:
Ерлер:

60 кг: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 кг: Есет Қуанов
81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 кг: Ермахан Әнуарбеков
100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
+100 кг: Еламан Ерғалиев

Әйелдер:
48 кг: Әбиба Әбужақынова
57 кг: Бақыт Құсақбаева
63 кг: Эсмигүл Куюлова

Фавориттердің біразы турнирге қатыспайтындықтан, Ғұсман Қырғызбаев (66 кг) жүлдеге негізгі үміткерлер қатарында. Мағжан Шамшадин де әлем чемпионатындағы сәтті өнерін жалғастыруды көздейді.

Әйелдер арасында халықаралық рейтингте көш бастап тұрған Әбиба Әбужақынова басты фавориттердің бірі. Оның негізгі қарсыласы – әлем чемпионы Ассунта Скутто. Сондай-ақ Тара Бабулфат (Швеция) да жүлдеге үміткер.

Айта кетейік, турнирге Ресей құрамасы 2022 жылдан бері алғаш рет ұлттық рәміздерімен қатысады. Осылайша Халықаралық дзюдо федерациясы ресейлік спортшылар үшін міндетті бейтарап мәртебені алып тастаған алғашқы халықаралық спорт ұйыым болды. 

Grand Slam Қазақстан уақытымен бүгін 18:00-де басталады. Жарыс жолына Әбиба Әбужақынова, Бақыт Құсақбаева, Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев шығады. Жарыстан Qazsport телеарнасы тікелей хабар тарататын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу